Болашағынан зор үміт болған боксшы 18 жасында қаза болды

©instagram.com/alitazeem_/

Болашағынан үлкен үміт болған британиялық боксшы Али Тазим 18 жасында жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды The Mirror.

Али өткен айда ғана Probellum промоутерлік комапниясымен келісімшарт жасған еді. 

Көше қиылысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, жеңіл көліктегі үш адам ауыр күйде ауруханаға жеткізілген екен. 

"Таңғысын тұрғанда Али Тазим 18 жасында бақұл болғанын естідім. Бұған сене алар емеспін. Кеше ғана сөйлестік қой...", - деп жазыпты промоутер Сэм Джонс.

Британияда Али Тазимді бокстың болашақ жұлдызы екеніне сенімді болатын, оны "келесі Амир Хан" деп атаған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport