auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бокстың жаңа жұлдызы. Қазақстандық 21 жастағы әлем чемпионы болашақ Олимпиада жеңімпазы

Ол бір жылда дивизион көшбасшысына айналды.

Бокстың жаңа жұлдызы. Қазақстандық 21 жастағы әлем чемпионы болашақ Олимпиада жеңімпазы
Сурет: olympic.kz
21 жастағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін) бірнеше жылда дивизион көшбасшысы атануы мүмкін - ұллтық құрама сапында өнер көрсеткен бір жылда боксшы әлемдік турнирде жеңіп, Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Қарсыластар неге одан сескенеді? Талантты боксшы карьерасына қатысты кей жайттар туралы Vesti.kz материалынан біле жүріңіздер. 

Нұрдаулетов өзгелерден несімен артық? 2016 жылы-ақ жартылай ауыр салмақтағы боксшы жастар арасындағы әлемдік турнир финалына шыға алатын еді, алайда, украиналық Роман Савицкиден төрешілер шешімімен жеңілді. Қазақстандық боксшы бұдан кейін мүмкіндіктерін жіберген емес.

Бір кездері жартылай ауыр салмақ кқш басшыларынан айырылып қалды: Әділбек Ниязымбетов карьерасын аяқтады, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқойға ауысты, Ерік Әлжанов Азияның вице-чемпионы атанғанымен ауырлау дивизионға бейімделе алмады. 

Өзгеріс болатыны түсінікті еді. 2019 жылды Бек Нұрмағамбетов жақсы бастап, құрлықтық жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Олимпиадаға жолдама үшін осы боксшы айқасу керек болған, алайда, ол жарақат салдарынан 2019 жылғы әлем чемпионатына бара алмады. Ал Бекзат жарқа етті.

Қатарынан алты жеңіс, алтын үшін айқаста қазақ боксшы кубалық Хулио Сезар Ла Крус пен өзбекстандық Дилшод Рузметов сияқты мықтылардан басым болды. Енді қарсыласын қысымға ала жұдырытасатын және техникасы мықты боксшы Олимпиада өнер көрсетеді. 

"Алтын жүлде үшін келіп, оны алып кеттік" - Нұрдәулетовтің Олимпиада жолдамасын алғанда айтқаны.

Қазақстандық боксшыға Олимпиадада кім қарсылас болады? Ла Крус әлі де бабында, сондықтан алтынға таласатындар қатарында болуы әбден мүмкін. Боксшымыз кубалықпен жартылай финал немесе шешуші жекпе-жекте жұдырықтасады деген болжамымыз да бар. Рузметов әлі лицензия жеңіп алмады, дегенмен, төрт жылдықтың ең маңызды ойындарына Өзбекстан өкілі де барарына ешкім күмән келтірмейді. Ол 2019 жылы өзін жақсы көрсеткен Дилшод болмауы да мүмкін, оның орнына қазір кәсіпқойда өнер көрсетіп жүрген Өзбекстан құрамасының  бұрынғы көш басшысы Бектемир Меликузиев баруы ғажап емес. 

Мүмкін Өзбестан құрамасының бапкерлер штабы Меликузиевты 75 келіге дейінгі салмаққа қояды, өйткені 23 жастағы боксшы ең жақсы көрсеткіштерге дәл осы дивизионда жеткен, кейін оны өзге кәсіпқой Исраил Мадримовқа босатып берді. Сондықтан Бектемир 75 келіге оралып, ал Рузметов жартылай ауыр салмақта қала беруі мүмкін. Дегенмен бұл дивизионда Нұрдәулетов басым және алтынды жеңіп алу ықтималы жоғары. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар