Бокс
24 қыркүйек 12:28
 

"Боксты масқара етті". Жекпе-жек жоспары бұзылған Әлімханұлы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Боксты масқара етті". Жекпе-жек жоспары бұзылған Әлімханұлы мәлімдеме жасады ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы басқа чемпиондарға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы басқа чемпиондарға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл дивизионда WBC белбеуі Доминикан Республикасының боксшысы Карлос Адаместе (24-1-1, 18 КО), ал WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атақ Куба өкілі Эрисланди Ларада (31-3-3, 19 КО).

"Чемпиондар, сендердің артарыңнан жүгіретін уақытым жоқ. Сендер боксты масқара етіп жатырсыңдар! Егер жекпе-жекке келісуге дайын болмасаңдар, онда титулды неге ұстап жүрсіңдер? Мен мұның осынша қиын боларын ойламаппын!", - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында айқас өткізу бойынша келісім жасалғаны туралы хабарланған еді. Алайда кейін бұл кездесу тағы да кейінге шегерілгені белгілі болды.

Айта кетейік, Жәнібек кейінгі рет 5 сәуір күні Астанада шаршы алаңға шығып, франциялықз Анануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!