1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:35
 

Бокстан тарихи трунирдің жүлделік есебіндегі Қазақстан мен Өзбекстанның орны

  Пікірлер

blog.share

Бокстан тарихи трунирдің жүлделік есебіндегі Қазақстан мен Өзбекстанның орны ©ҚБФ

Қазақстан құрамасы Бангкокта (Таиланд) өткен тарихтағы алғашқы Futures Cup U-19 турнирінің жүлделік есебінде екінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасы Бангкокта (Таиланд) өткен тарихтағы алғашқы Futures Cup U-19 турнирінің жүлделік есебінде екінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық команда 11 жүлде жеңіп алды: төрт алтын, төрт күміс және үш қола. Қазақстан құрамасының барлық жүлдегерлерінің тізімі төмендегі сілтемеде көрсетілген.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына жалпы жүлделік есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді. Алтын саны бойынша команда Өзбекстан және АҚШ құрамаларымен теңесті - үш команда да төрт алтын жүлдеден иеленді.

Алайда күмістің көптігі арқасында Өзбекстан құрамасы Қазақстанды басып озды. Ал қазақстандық боксшылар АҚШ құрамасынан жоғары орынға жайғасты.

Турнирде алтын алған елдер:

• Өзбекстан, Қазақстан және АҚШ — 4-тен
• Англия, Франция, Самоа, Үндістан, Италия, Украина, Жапония және Грузия — 1-ден

Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі World Boxing ұйымының қолдауымен өткен осы форматтағы алғашқы жарыс болды.

Бастапқыда Қазақстан құрамасының өтініміне 19 боксшы енген: олардың он ер және тоғыз бұрымды спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!