Бокстан Спартакиаданың жартылай финалына өткен 7 боксшы іріктелді

©

Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан VI республикалық Спартакиаданың төртінші жарыс күін өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін 48, 54, 60, 67, 75, 86 және 92 келіден аса салмақта ширек финалдық айқастар өтті.

48 келіде Теміртас Жүсіпов қарсыласы Равшан Тұрақұловты 5:0 есебімен таза жеңді.

Одан бөлек Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) Талғат Сырымбетов (60 кг), әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг) және Нұрканат Райыс (75 кг) жартылай финалға жолдама жеңіп алды.

Ал белгілі чемпион Александр Усиктің спарринг серігі, аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов Олжас Букаевқа 1:4 есебімен есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар