"ХОК-тың бокс бойынша жұмыс тобы мен Қытайдың Олимпиадалық комитеті Уханьдағы коронавирус инфекциясының таралуын жіті қадағалауда. Спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 3-14 ақпан аралығында бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына азия аймақтыұ іріктеу турнирін өткізуді кейінге қалдырды.
Қазақстан қатысатын 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеудің бірінші кезеңі өтпейді
Іріктеу турнирінің өткізілу мерзімі - 3-11 наурыз. Қазіргі кезде жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтағае бойынша, барлық Ұлттық федерацияларға хабар таратылады", - делінген ХОК-тың ресми хатында.
Осылайша, бокстан Токио Олимпиадасына алғашқы іріктеу турнирі Африкада өтеді. Қара құрлықтағы іріктеу сыны 20-29 ақпан аралығында Сенегалда өтеді.