Бокстан КСРО чемпионы АҚШ-тағы матчтік кездесу қатысушысы көз жұмды

© VL.ru
Қазақстандық белгілі боксшы Бахтай Сәпиев көз жұмды, - деп хабарлайды ҚБФ.

"Қазақстан бокс федерациясы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты Сәпиевтер отбасына көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.

Бақтай Сәпиев - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы. Ол КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Кеңес Одағы құрамасында болған, КСРО - АҚШ кездесуінде жеңіске жеткен. Бокстан КСРО чемпионы болған.

Осыған байланысты Vesti.kz редакциясы да Сәпиевтер отбасы мен жақындарына көңіл білдіреді.