Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Римма Волосенко кәсіпқойда күш сынап көрмек, деп хабарлайды Vesti.kz.
Волосенконың кәсіпқой дебюті 13 маусым күні Алматыдағы Fight Nights турнирі аясында өтеді. Оның қарсыласы үндістандық Маньет Ратту (6-2-0, 6КО).
Римма Волосенко – Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2017 жылғы Әлем кубогының иегері және 2021 жылғы Азия чемпионы.
Жарнама