Бокс
Кеше 10:33

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкеріне пәтер беріп, жаңа қызметке тағайындады

©

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлік және үш бөлмелі пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін 2024 жылдың тамыз айынан бастап атқарды. 10 қаңтарда оның орнын Нұржан Насанов басатыны белгілі болды. Насанов 2016 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келеді және 2024 жылдың тамыз айынан бастап Сәтжановтың бапкерлік штабында жұмыс істеген.


Осы оқиғадан кейін бірден Сәтжановқа қатысты тағы бір жаңалық белгілі болды. 

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚФБ-ның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Жаңа лауазымда ол бапкерлер жұмысының үйлестірілуіне жауап беріп, жаттығу үдерісін жоспарлаумен айналысады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport