Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
©ҚБФ
Ғалым Кежебаев бокстан Қазақстан құрамасы бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде хабарлады.
Ғалым Кежебаев бокстан Қазақстан құрамасы бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде хабарлады.
Әлеуметтік желідегі жазбада маман бұл қызметтен өз еркімен кеткенін айтады. Ал өкінетін бір дүние, олимпиадалық циклде Сабырхан Махмудовқа көбірек мүмкіндік бермегені екенін жазды.
Кенжебаев құраманы 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оған дейін ол жастар құрамасын баптаған, әуесқойда Геннадий Головкиннің жеке бапкері болғанымен белгілі.
Еске салайық, Токио Олимпиадасында Қазақстан тарихта алғаш рет бокстан алтын ала алмады. Жазғы ойындарда тек екі қола болды.
Жарнама