Бокс
Бүгін 16:51

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері 2026 жылғы ең маңызды жарысты атады

©

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді.

"Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.

Келер жылы қыркүйек айындағы Азия ойындары - алдағы ең маңызды біріншілік.

2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары осы кешенді жарысқа дайындық есебінде болмақ. 

Қаңтарда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Әрі қарай Еуропада өтетін бірнеше турнирге қатысамыз", - деді бас бапкер федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport