Бокс
26 наурыз 09:57
 
194

Бокстан Қазақстан құрамасында Бибосыновқа қатысты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасында Бибосыновқа қатысты шешім қабылдады ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бокс федерациясы Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның бокс федерациясы Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жиынға баратын команда құрамында Таиландта өткен 2024 жылғы Азия чемпионатынан бері өнер көрсетпеген Сәкен Бибосынов та кіріп отыр. Бұл туранирде Сәкен 1/4 финалға дейін жетіп, жарақат алып қалды. Кейін боксшыға операция жасатуға тура келген еді. 

Ресейде өтетін жаттығу жиындарына баратын боксшылар:

48 кг. Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов;
51 кг. Бекзат Алдамжаров, Даниял Сәбит;
54 кг. Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов;
57 кг. Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев;
60 кг. Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен;
63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдыралиев;
67 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
71 кг. Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тохтасынов;
75 кг. Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов;
80 кг. Ерасыл Жәкпеков, Нұрбек Оралбай;
86 кг. Бекзат Нұрдәулетов, Темірлан Мұқатаев;
92 кг. Сағындық Тоғамбай, Нурмагамед Юсупов;
+92 кг. Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай.

Біріккен оқу жаттығу жиындары Ресей, Өзбекстан Беларусь құрамаларының бірінші және екінші нөмірлі боксшыларымен бірге өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!