Бокс
Бүгін 16:32

Бокстан Қазақстан құрамасында Азия чемпионатына дайындық туралы айтты

©olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин алдағы халықаралық турнирлерге дайындық барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік. Бұл - Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қортыныды дайныдығымыз. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылады. Бірлесе нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар. Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр. Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогінің алғашқы кезеңі", - деп береді ҚБФ баспасөз қызметі бапкердің сөзін. 


Еске салайық, ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport