Бокстан Қазақстан құрамасында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.
Құраманың кейінгі нәтижелері мен жаңа әдістер іздеуге байланысты, Қазақстан бокс федерациясының Дене шынықтыру және спорт комитетіне ұсынысы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі ерлер мен әйелдер құрамаларына жаңа бапкерлер тағайындады.
Осылайша, ерлер командасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды. Ол бұл қызметте Ғалым Кенжебаевты алмастырды.