Бокс
11 наурыз 2020 16:19

Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға тоғызыншы жолдама жеңіп алды

Сәкен Бибосынов. Сурет: ҚБФ. Данияр Майлыбаев©
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов лицензияны жеңіп алды.

52 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов жолдама үшін филиппиндік Карло Пааламмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті (4:1). 

21:00-де басталатын кешкі сессияда рингке Сафиуллин, Аманқұл, Нұрдәулетов пен Левит шығады.

Еске салайық, қазірде бокстан Қазақстан құрамасында сегіз Олимпиада жолдамасы бар. Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қонқабаев және Надежда Рябец Токио Олимпиадасының лицензиясын иемденді.