Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияда өткен халықаралық DRACULA OPEN турнирінде жалпыкомандалық есепте бірінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге 18 елден 500-ге жуық боксшы қатысты. Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлде саны бойынша көш бастады.
Алтын иегерлері:
48 кг — Ансар Үсенхан
50 кг — Нұрасыл Ғалым
54 кг — Әділет Ғалиев
57 кг — Нұрислам Оналбек
60 кг — Әмір Мұхит
63 кг — Мейіржан Жүніс
66 кг — Ислам Сүлейманоғлы
+80 кг — Сабыржан Сағым
Күміс жүлдегерлер:
46 кг — Қуаныш Халимбет
50 кг — Әлихан Сатыбаев
54 кг — Анарбек Құралбай
57 кг — Тамерлан Қайыржан
66 кг — Дінмұхаммед Шаншархан
70 кг — Нұрасыл Оразалы
75 кг — Дидар Шарапат
80 кг — Әлібек Алпамыс
+80 кг — Нұрсұлтан Кемелхан
Қола жүлдегерлер:
46 кг — Аян Жандосұлы
52 кг — Ерхан Омар
52 кг — Дінмұхаммед Ануар
75 кг — Төрехан Қанатбай
75 кг — Мұса Арғынұлы
Құраманың бас бапкері - Бағдат Оңғарбеков, жаттықтырушысы - Павел Дыбцев.
Жарнама