Бокстан Оралда өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шыққан барлық боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ұлттық құрама сапына өтуге үміткерлер 13 салмақ дәрежесінде бақ сынасады.
Ақтық додаға өткендер қатарында Сербиядағы әлем чемпионатына қатысушылар да бар. Олар Нұрқанат Райыс, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай және Нұрлан Сапарбай. Сонымен қатар, финалда әскерилер арасындағы әлемдік доданың жеңімпазы Абзал Құттыбеков те өнер көрсетеді.
Қазақстан чемпионатының финалдық жұптары:
48 кг. Даниял Сәбит — Санжар Тәшкенбай
51 кг. Нұрсұлтан Нұриденов — Дамир Әбдіқадыр
54 кг. Олжас Байниязов — Талғат Сырымбетов
57 кг. Оразбек Асылқұлов — Айдос Арапов
60 кг. Василий Самчук — Әділет Құрметов
63,5 кг. Дилмұрат Мижитов — Абзал Серік
67 кг. Дархан Дүйсебай — Дулат Бекболатов
71 кг. Қуан Қуатов — Ермахан Жақыпов
75 кг. Нұрқанат Райыс — Аятулла Такижанов
80 кг. Жәнібек Қартбаев — Нұрбек Оралбай
86 кг. Сағындық Тоғамбай — Мәди Әміров
92 кг. Айбек Оралбай — Абзал Құттыбеков
+ 92 кг. Нұрлан Сапарбай — Аманат Сабырғали.