Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының да бапкері ауысты

6 қыркүйек 2021 15:23
©ҚФБ

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. 

Қызметінен өз ерткімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамил Сафиуллин тағайындалды. 

Алғабек бас бапкерлік қызметті екі жыл атқарды. Бұл уақыттың ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 2019 жылы әлем чемпионатында екі қола жүлде, 2020 жылы Азия іріктеу турнирінде Олимпиада ойындарына бір жолдама жеңіп алды. Сонымен қатар, 2021 жылы Азия чемпионатында 8 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, командалық есепте топ жарды. 

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының да бас бапкері ауысқан еді. Бұл қызметке Қайрат Сәтжанов келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: