Бокстан жасөспірімдер санатындағы Азия чемпиондары анықталды
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы финалдық күні аяқталды. Бүгін жаөспірімдер санатындағы 26 келі салмақта (13 ұл, 13 қыз) жеңімпаздар белгілі болды.

23 қазан-2 қараша күндері аралығында жүлдеге таласқан 23 мемлекеттің ішінен 12 елдің спортшылары жүлдегерлердің қатарынан табылды.
Жалпы жүлде кестесіндегі ТОП-3 ел:
Үндістан — 10 алтын, 4 күміс, 7 қола
Қазақстан — 6 алтын, 8 күміс, 7 қола
Өзбекстан — 4 алтын, 7 күміс, 11 қола
Қазақстан сапынан қыздар арасында Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Кудайгенова (63 келі) топ жарса, ұлдар бәсекесінде Алдияр Баһадүр (48 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі), Бексұлтан Қайратұлы (+80 келі) чемпион атанды.
Сегізінші мәрте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ең көп 8 алтынды 2004 жылы Вьетнамда алған.
Турнирдің жүлдегерлері (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Бүгін жастар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді.
Жарнама