Бокстан Семейде өтіп жатқан ел чемпионатының жартылай финалына өткендер толық анықталып, қай өңір алда тұрғаны мәлім болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ерлер арасында Түркістан облысының көрсеткіші ең жоғары болды. Бұл өңірден алты боксшы жартылай финалға жолдама алды. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы – бес спортшымен. Алматы, Шымкент және Қызылорда облыстары төрт жартылай финалист шығарды.
Ақмола мен Қарағанды облыстарынан үш-үш боксшы, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан екі-екі боксшы, ал Астана, Павлодар, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарынан бір-бір спортшы келесі кезеңге өтті.
Әйелдер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр — жеті спортшы жартылай финалға шыққан. Одан кейінгі орындарда Шымкент (алты) және Жамбыл облысы (бес) орналасқан.
Қарағанды облысынан — төрт, Жетісу мен Қостанай облыстарынан — үш, Түркістан мен Ақмола облыстарынан — екі, ал Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарынан бір-бір боксшы келесі кезеңге өтті.