Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметі 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ерлер ұлттық құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
25 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ұлттық құрама Испанияның Бенидорм қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін қазақстандық боксшылар Еуропадағы сапарын жалғастырып, 3–8 ақпан күндері Испанияның Ла-Нусия қаласында өтетін халықаралық Boxam Elite турниріне қатысады.
Қазақстан құрамасының тізімі:
50 кг:
Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 кг:
Махмұт Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 кг:
Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 кг:
Санатәлі Төлтаев
70 кг:
Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал
75 кг:
Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 кг:
Ерасыл Жәкпеков, Азамат Бектас
85 кг:
Нұрбек Оралбай
90 кг:
Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
90+ кг:
Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан
Айта кетейік, Boxam Elite турнирі Қазақстан құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми жарыс болмақ. Ол 10 қаңтарда бұл қызметте Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.
Жарнама