Бокстан халықаралық турнирге 13 қазақ боксшы қатысып жатыр

©ҚБФ

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Мажарстанда басталған халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иштван Бочкай құрметіне өткізілетін турнир осымен 67-рет ұйымдастырылып отыр. 6 ақпанда басталған жарыс 12 ақпанда аяқталады. 

Бұл турнирге Қазақстан 13 салмақта боксшы апарды: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51), Дәулет Молдашев (54), Серік Теміржанов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Санатәлі Төлтаев (63,5), Дулат Бекбауов (67), Ермахан Жәкпеков (71), Аятулла Такежанов (75), Нұрбек Оралбай (80), Шаймұрат Құсайынов (86), Айбек Оралбай (92), Дамир Тойбай (92 келіден аса).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар