Бокс
Бүгін 09:23

Бокстан халықаралық турнир қазылары Қазақстанды жүлдеден "айырды"

©

Қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite турнирінде жүлдеге іліне алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда ол канадалық Максимус Томинеске 2:3 есебімен жеңілді. Бұл жеңіліс Бексұлтан Боранбектің жартылай финалға жолдама арқылы, кемі қола жүлдеге жету мүмкіндігінен айырды.

Ал дәл осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан швециялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға сенімді түрде өтті.

Бұған дейін бұрымдылар арасында қазақстандық боксшылар Виктория Байдукова (60 кг) мен Виктория Графеева (60 кг) жеңіліске ұшырады. Ал Назерке Серік (65 кг) қарсыласын жеңіп, жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, 3 ақпанда басталған Boxam Elite–2026 халықаралық турнирі 8 ақпанда аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport