1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 09:58
 

Бокстан ерлер құрамасы жарысқа дайындықты бастады

  Пікірлер

blog.share

Бокстан ерлер құрамасы жарысқа дайындықты бастады ©

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Боксшыларымыз жаңа маусымға дайындықты Түркістан облысындағы жаттығу базасында өткізуде.

blog.share

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Боксшыларымыз жаңа маусымға дайындықты Түркістан облысындағы жаттығу базасында өткізуде.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға 50 спортшы қатысып жатыр.

"Еліміздің барлық өңірінен жиналған боксшылар физикалық және функционалдық дайындықтарын арттырумен қатар, жалпы жаттығу көлемін жинақтауға басымдық береді. Сондай-ақ спортшылар төзімділікті арттырып, жаңа маусымда өтетін алдағы жарыстарға қажетті базаны қалыптастырады", - делінген хабарламада. 

Жаттығу жиындары 25 қаңтарға дейін болатынын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!