Бокс
20 қазан 09:36

Бокстан ел чемпионатының жартылай финалына тікелей трансляция

©

Бүгін Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингке ұлттық құраманың жетекші спортшылары — Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Сағындық Тоғамбай, Ертуған Зейноллинов, Сәкен Бибосынов және басқа да танымал боксшылар шығады.

Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:00-де, ал кешкі сессия 18:00-де басталады.

Жекпе-жектердің тікелей эфирін Qazsport арнасы көрсетеді, сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Жартылай финалдағы жекпе-жектер тізімі осында.

Ел чемпионаты ертең өз мәресіне жетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport