Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов боксшылардың 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиададағы мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
- 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында Париж-2024 додасында кеткен есені қайтаруға үміт бар ма? Бұл жарысқа дайындық басталып кетті ме?
- Алла сәтін салса, үш жылдан кейін біздің қыз-жігіттер олимп шыңын бағындыратынына сенім мол. Біз дайындықтан қол үзген жоқпыз. Ливерпульдегі жеңіс те сол жемісті дайындықтың нәтижесі., – деді Сәтжанов Nege.kz сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, 2024 жылы Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан боксшылары барлық жеті салмақ дәрежесінде қатысқан болатын. Алайда тек Нұрбек Оралбай ғана 80 келіге дейінгі салмақта күміс алды.
Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзагали Айтжанов пен тағы 10 маман қызметінен босатылды.
Жарнама