Ташкент қаласында өтіп жатқан 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында екі маңызды жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында қазақстандық Ксения Егорова өзбекстандық Зебинисо Абдуллаевамен кездесіп, алаң иесіне төрешілер шешімімен (0:5) есе жіберді.
Ал Самал Төлепберген (52 кг) отандасының есесін қайтарып, 1/4 финалда Өзбекстан өкілі Дурдона Хайриддинованы айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп - 5:0.
Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр
Жарнама