Қазақстандық боксшы Әділет Төртубек Бангкок (Тайланд) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Үндістан боксшысы Шубхамды жеңді. Төртубек 19 жасқа дейінгі категорияда өнер көрсетуде.
Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Қожахан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пэн Цзя-Фэнгеден күтпеген жерден жеңіліп қалды.