Бокстан Азия чемпионаты Қазақстанда көрсетілмейді

©ҚФБ

Иорданияда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтетін Азия біріншілігінің көрсетілімін қазақстандық телеарналар көрсетпейтін болды. 

"Аталған жарысты "Qazsport" телеарнасы көрермен назарына ұсынуды жоспарлағанымен, Азия бокс конфедерациясы мен жергілікті ұйымдастырушылар телевизиялық түсірілім жасамайтыны белгілі болды", - делінген "Qazsport" арнасының хабарламасында. 

Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстанның намысын ерлер арасында 13 боксшы және әйелдер арасында 12 боксшы қорғайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар