Бүгін, 31 наурызда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан атынан рингке әйелдер құрамасынанРимма Волосенко шығады. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Үндістаннан келген жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Прия Приямен кездеседі.
Трансляция Қазақстан уақытымен 09:00-де басталды. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Еске салайық, турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі жеңіліске ұшыраған болатын. 51 келіге дейінгі салмақта Жәзира Орақбаева жарақат алып, КХДР өкіліне қарсы жекпе-жекті аяқтай алмады. Ал 54 келіде Элина Базарова үндістандық қарсыласына төрешілер шешімімен жеңілді.
Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан атынан бұл додаға 20 боксшы (10 ер және 10 әйел) қатысуда.
Жарнама