30 маусым күн Астанада бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Атаулы додада 31 елден 300 былғары қолғап шебері 20 жүлде жиынтығын сарапқа салатын болады. Ерлер мен әйелдер арасындағы кіл мықтыдан 20 салмақ дәрежесі бойынша кім мықты екені анықталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рейтингтік ұпайлар беріледі:
– I орын - 300 ұпай
– II орын - 200 ұпай
– III орын - 100 ұпай
Әлем кубогы 30 маусым күні сағат 13:00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ашылу салтанаты өтеді.
Финалдық бәсекелер 6 шілде күні өтеді.