Халықаралық World Boxing бокс федерациясы 2026 жылғы жарыстар күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкин басқаратын ұйым келесі жылы 11 турнир өткізуді жоспарлап отыр.
World Boxing ұйымы өткізетін Әлем кубогі кезеңдерінің кестесі:
- Алғашқы кезең сәуір айында Бразилияда өтеді.
- Екінші кезеңді маусым айында Қытайда.
- Финалдық кезең қарашаның соңы не желтоқсанның басында Өзбекстанда өтеді.
2026 жылы World Boxing турнирлері қашан және қайда өтеді
Жарыстар күнтізбесіне 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты да енгізілген. Ол жаз айларында өтеді, алайда, нақты уақыты мен орны әзірге белгісіз.
- 8–15 наурыз: World Boxing Futures Cup 2026 U19 (Таиланд);
- 28 наурыз – 11 сәуір: ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Моңғолия);
- 20–26 сәуір: World Boxing Әлем кубогы (ерлер мен әйелдер), бірінші кезең (Бразилия);
- 15–20 маусым: World Boxing Әлем кубогы (ерлер мен әйелдер), екінші кезең (Қытай);
- 23 шілде – 2 тамыз: Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер) (Шотландия);
- 15–26 қыркүйек: бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер) (Болгария);
- 19 қыркүйек – 4 қазан: Азия ойындары (ерлер мен әйелдер) (Жапония);
- 10–17 қазан: Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер) (Мексика);
- 31 қазан – 13 қараша: Жастар арасындағы Олимпиада ойындары (Дакар);
- 25 қараша – 2 желтоқсан: World Boxing Әлем кубогы (ерлер мен әйелдер), финалдық кезең (Өзбекстан).
Еске салайық, 23 қарашада Италияның Рим қаласында өткен World Boxing конгресінде Геннадий Головкин ресми түрде ұйымның президенттігіне тағайындалды. Қазақстан бокс федерациясы бұл ұйымның құрамына 2024 жылдың қараша айында енген болатын.

Жарнама