Бокстан Өзбекстан құрамасы Бразилияда өтетін Әлем кубогіне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Көрші ел 10 салмақта бір-бір боксшыдан апарады.
Өзбекстан Әлем кубогінде келесі боксшыларды жарысқа салады:
50 кг. Асилбек Жалилов;
55 кг. Миразизбек Мирзахалилов;
60 кг. Мадияр Данияров;
65 кг. Асадхужа Муйдинхужаев;
70 кг. Икболжон Холдоров;
75 кг. Фазлиддин Эркинбоев;
80 кг. Жавохир Умматалиев;
85 кг. Акмалжон Исроилов;
90 кг. Турабек Хабибуллаев;
+90 кг. Жахонгир Зокиров.
Айта кетейік, бұл жарысқа Қазақстан әр салмақта сегіз боксшыны апарады.
Бразилиядағы турнирге баратын қазақ бкосшылардың тізімі:
50 кг. Нұрзат Оңғаров;
55 кг. Нұрсұлтан Алтынбек;
60 кг. Талғат Сырымбетов;
65 кг. Алмат Әбдуали;
До 70 кг. Дархан Дүйсебай;
80 кг. Диас Молжігітов;
85 кг. Дәулет Толемісов;
+90 кг. Даниял Сапарбай.
Турнир жалпы үш кезеңнен тұрады, оның бірі Қазақстанда өтеді
Жалпы World Boxing турнирі үш кезеңмен өтеді. Біріншісі 30 наурыз бен 6 сәуір аралығы Бразилияда өтеді, екіншісі 30 маусым мен 7 шілде аралығы Қазақстанда болады, ал соңғы үшінші кезең - шілденің 21 мен 27 аралғына жоспарланған. Өтетін орны әлі белгіленген жоқ.
Жарнама