Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке пәтер сыйға берілді

©AIBA

Көкшетау қаласында бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке сый-құрмет көрсету шарасы өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Боксшыны Ақмола облысының әкімі Ермек Маржикпаев құттықтап, пәтердің  кілтін табыс етті және бес миллион теңге сыйақы берді. Ал Жүсіповтің жеке бапкері Қуанышбай Кокушевке 2,5 миллион теңге берілді. 

Еске салайық, Белградта өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын жүлде жеңді. Теміртас Жүсіповтен бөлек әлем чемпионы атағына Сәкен Бибосынов қол жеткізді. Ал Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлде иеленсе, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар