Бокстан ӘЧ жекпе-жектеріне тікелей трансляция. Лукас және төрт отандасымыз шығады
Бүгін, 11 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес отандасымыз ринг төріне шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Олардың арасында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы болса, бесіншісі Ангелина Лукас.

Күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00 басталса, кешкі сессия 21:00-ге жоспарланған. Жекпе-жектердің барлығын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Күндізгі сессия. А рингі. Екінші жұп.
52 келі: Жайна Шекербекова - Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико)
Күндізгі сессия. А рингі, төртінші жұп
57 келі: Карина Ибрагимова - Клаудия Нечита (Румыния)
Күндізгі сессия. В рингі, оныншы жұп
63 келі: Аида Әбікеева - Имане Хелиф (Алжир)
Кешкі сессия. А рингі, екінші жұп
52 келі: Ангелина Лукас - Каролин Де Алмейда (Бразилия)
Кешкі сессия. А рингі, он бірінші жұп
75 келі: Надежда Рябец - Бусра Исильдар (Түркия)
Еске салайық, осыған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Валентина Хальзова (70 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастаған еді. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын 12 қатысушы қорғайды. Турнирдің финалдық кездесулері 19-20 мамыр күндеріне жоспарланған.
Жарнама