Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалда ол Оңтүстік Кореядан келген Таегюн Юнмен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Оңғаров жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдеге ілініп отыр.
Оның құрамадағы әріптесі Диас Молжігітов (80 келіге дейін) те жартылай финалға өтті, ол индонезиялық Майхел Роберрда Мускитуды төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңді.