Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Таиланд) өткен бокс кешінде аргентиналық Дебора Анаи Лопесті (21-2-1, 1 КО) жеңіп, екінші өте жеңіл салмқатағы IBO титулын иеленді.
Қазақстандық боксшы өз жеңісіне қатысты былай деп жазыпты:
"Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксындағы осындай үлкен жеңіс. Мен WBO тұжырымы бойынша әлемнің төрт дүркін чемпионы болған аргентиналықты жеңдім! Өте бақыттымын! Бар күшімді салдым! Отбасымнан өзге қолдау аз болды! Бастысы сенім және берілмеу керек. Алға!", - деп жазыпты Лукас Instagram.