Боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын есеңгіретіп жатқан жерінде басынан тепкіледі

Видеодан алынған кадр

Боливияның Пандо қаласында өткен бокс кешіндегі Педро Табарес және Сауль Фарах арасындағы жекпе-жек үлкен даумен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу алтыншы раундта тоқтатылды. Табарес қарсыласын нокдаунға түсіреді, осы кезде төреші он секундты санап бастамай жатып, Педро жерде жатқан боксшыны бірінші қолымен ұрып, одан кейін тепкілей бастаған. 

Тіпті төреші оны арашалауға шамасы келмей, рингке өзге адамдардың көмекке шығуына тура келді. 

Осылайша, Табарес шеттелді. Ол қарсыласының мұрнын сындырып жіберген. Жеңіс Фарахқа берілді, бұл оның карьерасындағы 73-ші жеңісі болды, сонымен бірге, ол 26 рет жеңіліп, үш рет тең түскен екен. Ал Табарес үшін бұл кәсіпқойдағы алғашқы айқасы еді. 

Қарсыластар жекпе-жек алдында сөзге келіп қалған көрінеді. Табарес кейін істегені үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, Фарахтың артық сөйлегеніне ашуланғанын айтты. Ал Сауль өз кезегінде Табареске қарымта беруге дайын екенін мәлімдеді.