Бірінші орта салмақта өнер көрсететін кубалық Йоэлвис Гомес (9-1-1, 7 КО) АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінде америкалық Антравиус Ингрэммен (12-0-1, 6 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу толық 10 раунд толық өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Дегенмен көрермендер тартысты әрі әсерлі жекпе-жекке дән риза болды. Гомес пен Ингрэм енді қарымта айқас өткізуі де ықтимал.
Олимпиада чемпионы Хосе Гоместің ұлы Йоэлвис үшін бұл кәсіби мансабындағы алғашқы тең нәтиже болды. Қазіргі уақытта оның есебінде тоғыз жеңіс және бір жеңіліс бар. Ал Ингрэм жеңіліссіз сериясын сақтап қалды, алайда алғаш рет жекпе-жекті жеңіссіз аяқтады. Ол бұған дейінгі 12 кездесудің бәрінде жеңген еді.