"Бокс тарихындағы ең ұлы жеңіс...". Промоутер алдағы "Канело" - Смит жекпе-жегі жайлы

Сурет: Boxing News

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн SunSport басылымына берген сұхбатында суперорта салмақта WBA Super чемпионы британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) жеңіп кетуі таңқаларлық емес екенін мәлімдеді.

"Бұл британиялық бокс тарихындағы ең ұлы жеңістердің бірі болады. Каллум қаншалықты мықты екенін білемін, сондықтан мен үшін бұл таңқалатын оқиға болмайды. Смиттің қолынан келері көп және ол әлемде суперорта салмақтағы ең мықты боксшы екеніне сенімді. Бұл жекпе-жек Каллум үшін оңтайлы уақытта болып тұр", - деп береді промоутердің сөзін vRINGe.com.

Еске салайық, Альварес-Смит жекпе-жегі 19 желтоқсан Сан-Антониода өтеді.