Бокс
16 тамыз 10:23

Бокс сарапшылары өзбектердің Олимпиадада істегеніне қатысты пікір білдірді

©Тұрар Қазанғапов

Бокс туралы YouTube-тегі белгілі арналар Өзбекстан құрамасының Париж Олимпиадасында дүркіреуіне қатысты пікір білдірді. 

Жазғы ойындарда өзбекстандық боксшылар бес алтын жеңіп алды. Олар: Хасанбой Дусматов (51 келі), Абдумалик Халоков (57), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71), Лазизбек Муллажонов (92) және Баходир Джалолов (92+).

"Өзбекстан оқ бойы озық шығып, бірінші орынды алды - бес алтын. Сұрақ: Өзбекстан боксшылары осынша керемет айқасты ма әлде өзгелер сонша әлсіз болды ма? Білмеймін, бірақ өзбектер бір терминаторлар сияқты көрінді. Әрқайсының боксы мықты, сапалы", - дейді "Лаборатория бокса" арнасының авторы. 

Дусматов пен Джалолов екі дүркін чемпион атанды. 

"Ал мен бары жеті алтынның бесеуін өзбектер алып кеткенде шокта болдым. Уау! Бұл қалай?! Меніңше, олар тарихқа атын жазды", - дейді "Студия бокса Виктора Ялымова" арнасының авторы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport