Бокс
18 наурыз 13:20
 
111

Бокс патшайымы Алматыда. Назым Қызайбайды әуежайда салтанатпен қарсы алды

  Пікірлер

blog.share

Бокс патшайымы Алматыда. Назым Қызайбайды әуежайда салтанатпен қарсы алды ©Vesti.kz/Болат Айтмолда

Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары үш алтын жеңіп алды, ал Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа атын жазды.

blog.share

Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары үш алтын жеңіп алды, ал Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа атын жазды.

Бүгін, 18 наурызда қыздарымыз Алматыға ұшып келді - Vesti.kz тілшісі елге қайтып келген боксшыларымызды қарсы алды. 

Боксшылардың туғандары, жанкүйерлер мен журналистер Алматы әуежайында жиналып, боксшыларды шашу шашып, құттықтай қарсы алды. 

 

 

Қыздар құрамасының каптаны Назым Қызайбай Қазақстан боксшыларынан әлі ешкім жетпеген межеден асты - үшінші рет әлем чемпионы атанды. 

"Үш дүркін әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің арманым, басты мақсатым еді және мен оған жеттім. 

Әрине чемпионатта оңай қарсылас болған жоқ. Мұндай жарыстарда ең қиыны - жаттығу мен дайындық. Енді кішкене демалып, қалпыма келген соң келесі жарысқа дайындаламын", - дейді құрама капитаны Назым. 

Сонымен қатар, Алуа Балқыбекова да Назымның командадағы рөлі маңызды болғанын атап өтті.

"Әрине, Назымның үш дүркін әлем чемпионы болғаны, бізді де ынталандырады. Біз жас кезімізден Назымға қарап өстік. Бұйырса, болашақта оның жетістігін қайталауға тырысамыз", - дейді Алуа.

Ал күміс жүлдегер Виктория Графеева финалдағы жекпе-жек туралы пікірін айтты.

"Қазақстанға, біздің отанымызға осылай қарсы алып жатқаны үшін үлкен рахмет. Чемпионат тамаша өтті. Жақындарыңды көргенде эмоция одан сайын артып тұр. 

Шынын айтайын, финалда жеңілдім деп ойламаймын, қарсыласыммен бұрын да айқасқанмын. Қолымды көтермеді, демек жеңбедім, жарайды. Келесі чемпионатқа қарсы қателіктерді түзеп, келесі әлем біріншілігінде Қазақстанға алтын алып келуге тырысамын", - дейді Графеева. 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!