Американың Тусон қаласындағы бокс кешінің басты айқасында екінші жартылай жеңіл салмақта WBC титулы үшін мексикалық Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) пен бразилиялық Робсон Консейсао (16-1, 8 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем чемпионы титулын қорғауға 10 күн қалғанда допингпен ұсталды
Консейсао жекпе-жекті жақсы бастап, мексикалық қарсыласын есеңгіреткендей болды. Алайда одан кейін барзилиялық бәсеңдеп қалды. Вальдес осыны пайдаланып, басымдық көрсетті. Консейсао тіпті 12-ші раундта да барын салмады, жеңісіне сенімді болса керек. Бірақ төрешілер шешімді - 117-110, 115-112 және 115-112 есебімен мексикалықтың пайдасына шығарды. Осылайша, Вальдес ақпанда отандасы Мигель Берчельтпен (38-2, 34 КО) жекпе-жекте жеңіп алған титулын қорғап қалды.
Айта кетейік, Консейсао Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы. 2016 жылғы ойындардан кейін америкалық белгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа отырды.