Бокс федерациясының басшысы Ташкенттегі ӘЧ-ден кейін қазақ боксшыларға үн қатты

©СДД

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында үлкен жетістікке жеткен құрамамызға қарата үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзбекстан астанасында өткен әлем біріншілігінен кейін IBA рейтигінде Қазақстан бірінші орынға шықты. 

"Ассаламуалейкум, бокс сүйер қауым! IBA сайтында осы спорт түріндегі үздік елдердің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан көш басындағы жеке дара орнын сақтап қалды! Осыған орай, мен елімізді осындай ерекше жетістікпен құттықтаймын!!! Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, мемлекетіміздің, федерацияның және әрине жанкүйерлеріміздің ортақ жеңісі! Ең бастысы, біз еліміздің, халқымыздың сенімін ақтадық. Біздің міндетіміз - Қазақстанның көк туын ең ірі халықаралық турнирлерде биікке көтере беру! Өзімнің және Қазақстан бокс федерациясының атынан алғыс айтамын", - деп береді Рақышевтің сөзін ҚБФ сайты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport