Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бас хатшысы Мерей Ақшалов 2026 жылға арналған ұлттық құраманың қалай жасақталатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, келесі жылғы басты жарыстар 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындары болмақ.
"2026 жылға мықты ұлттық құраманы жасақтауымыз қажет. Себебі төрт жылда бір рет өтетін Азия ойындары – біз үшін маңызды турнир.
Қазан айында жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаттары өтеді. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша ұлттық құраманың құрамы бекітіледі", – деді Ақшалов.
Қазақстан чемпионаты 14–21 қазан аралығында Семей қаласында өтеді. Онда ұлттық құраманың негізгі сапына үміткер боксшылар қатысады. Тек жуырда Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing тұжырымы бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткендер бұл жарыстан босатылады.
World Boxing тұжырымы бойынша өткен алғашқы әлем чемпионатына қатысқан қазақстандықтар:
50 кг: Санжар Тәшкенбай
55 кг: Махмұт Сабырхан
60 кг: Бейбарыс Жексен
65 кг: Ертуған Зейнулинов
70 кг: Төрехан Сабырхан
75 кг: Сабыржан Аққалықов
80 кг: Нұрбек Оралбай
85 кг: Бекзат Нұрдәулетов
90 кг: Сағындық Тоғамбай
90+ кг: Айбек Оралбай
Ливерпульдегі алтын иегерлері:
Санжар Тәшкенбай, бауырлар Махмұд және Торехан Сабырхан, Айбек Оралбай.
Әйелдер арасында:
Әлем чемпиондары – Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова.
Күміс жүлде – Назым Қызайбай.
Қола жүлде – Виктория Графеева және Елдана Тәліпова.
Осылайша, әлем чемпиондары Қазақстан чемпионатына қатыспайды, қалған боксшылар ұлттық құрамадан орын алу үшін сынға түседі.
Жарнама