Қазақстан бокс қауымдастығының баспасөз хатшысы Аян Төлеген Vesti.kz тілшісіне 71 келіде өнер көрсететін Асыланбек Шымбергеновтің Париж Олимпиадасына қатысуы жайлы пікір білдірді.
"Италиядағы лицензиялық турнирге Спартакиаданың барлық жеңімпаздары аттанады. Асыланбек Шымебргенов әлем және Азия чемпионы ретінде Спартакиадаға қатыспаса да, Бусто-Арсициоға аттануға құқы бар. Бұл Олимпиадаға іріктеудің екінші кезеңі. Асыланбек жарыста қалай өнер көрсетеді соған байланысты. Егер лицензияға жете алмаса, оның орнына басқа боксшы бара алады. Мұны енді қарастырады.
Дегенмен Асыланбектің салмағында Олимпиадаға барғысы келген боксшы осы құқығын иелене алу қажет. Ал қалған сөздің бәрі - сыбыс қана", - дейді Аян Төлеген.