Бокс
19 қыркүйек 13:54

Бокс федерациясында ӘЧ жүлдесі үшін қанша сыйақы берлітені айтылды

©ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing өткізген алғашқы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қандай сыйақылар берілетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

2025 жылғы әлем чемпионаты үшін берілетін жүлде қоры:

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, чемпионат жүлдегерлеріне федерация тарапынан келесідей көлемдегі сыйақылар қарастырылған:

Бірінші орын – 100 мың доллар (54,1 миллион теңге),
Екінші орын – 50 мың доллар (27 миллион теңге),
Үшінші орын – 30 мың доллар (16 миллион теңге).

"Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан да сыйақы бар. Федерация тарапынан, жаттықтырушылармен қоса есептегенде: бірінші орын - 100 мың доллар, екінші орын - 50 мың доллар, үшінші орын - 30 мың доллар.

Ерлер және әйелдер құрамаларының бас бапкерлеріне қосымша 100 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар, аға жаттықтырушыларға, көмекшілерге, психологтарға және медицина қызметкерлеріне де федерация атынан жүлде беріледі", – деді Мүтәліп.

Қазақстанда спортшылар мен бапкерлерге берілетін жүлде қоры:

Спортшылар үшін:

Алтын жүлде – 15 000 доллар (8,1 млн теңге),
Күміс жүлде – 7 000 доллар (3,7 млн теңге),
Қола жүлде – 5 000 доллар (2,7 млн теңге).

Бапкерлер үшін (сыйақы 3 бапкерге бөлінеді):

Алтын жүлде – 10 000 доллар (5,4 млн теңге),
Күміс жүлде – 5 000 доллар (2,7 млн теңге),
Қола жүлде – 3 000 доллар (1,6 млн теңге).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport