Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) атқарушы директоры Рауан Игенев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Сабыржан Аққалықтың алғашқы жекпе-жегінде жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аққалықов Оңтүстік Корея боксшысына есе жіберді80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 финалында Оңтүстік Корея боксшысы Ким Минсонмен кездесті.
Үш раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті кореялық боксшыға берді. Осылайша, Аққалықов Азия ойындарындағы өнерін алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.
ҚБФ жекпе-жек нәтижесіне қатысты пікір білдірдіИгенев қазақстандық боксшының лайықты жекпе-жек өткізгенін және үш раундта да тартысты болғананын атап өтті.
Сабыржан жарысқа Азия чемпионы мәртебесінде барды"Сабыржан бар күшін салып, үш раунд бойы аянып қалған жоқ. Бірінші раундта ол жеңіске жетті. Екінші раундта төрешілер 3:2 есебімен қарсыласқа басымдық берді. Үшінші раундта да жеңісті біздің боксшыға бермеді. Сонымен қатар боксшымыз бұл турнирге жақсы дайындықпен келді. Бұл - спорт, мұндай жағдайлар болады. Құдай қаласа, біздің жеңістеріміз әлі алда", - деді Игенев Qazsport эфирінде.
Аққалықов Азия ойындарына қазіргі Азия чемпионы мәртебесінде барды. Биыл сәуірде қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта құрлық біріншілігінің алтынын жеңіп алды. Осыдан кейін ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне көтерілді.
Сондай-ақ Аққалықов - 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2021 жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
Жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр. Бокс турнирі 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.