Бокс
31 мамыр 2021 09:33

"Бокс державасымыз". Бас бапкер Азия чемпионатындағы жеңіс туралы

Сурет: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек команданың Азия чемпионатындағы сәтті өнер көрсетуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бәрін жеңіспен құттықтаймын. Қыздар тамаша өнер көрсетті. Турнирге жақсы дайындықпен бардық деп ойлаймын. Осындай нәтиже көрсеткендері үшін бәріне рахмет. Қазақстан бокс державасы екенін тағы бір дәлелдеді", - дейді бапкер Qazsport телеарнасына. 

Еске салайық, Қазақстан жүлделік есепте бірінші болып, Өзбекстанды артқа тастады. Команда еншісінде он жүлде - сегіз алтын, бір күміс және бір қола. 

Бүгін, 31 мамыр ерлер арасындағы шешуші айқасқа бес боксшымыз шығады.