"Қасапшы" лақап атты аустралиялық боксшы Никита Цзю (12-0-1, 10 КО) кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Цзю алғаш рет жеңіске жете алмады
Бродбичте (Аустралия) өткен кештің басты жекпе-жегінде 27 жастағы боксшы отандасы Бен Махоунимен кездесті. Бұл айқаста бірінші орта салмақта (69,9 келі) IBF чемпионына міндетті қарсыласты анықтау керек болатын.
Боксшылар 12 раунд толық жұдырықтасты. Алайда төрешілер жеңімпазды анықтай алмады. Бір төреші 117:111 есебімен Цзюдің пайдасына шешім шығарса, екіншісі 115:113 есебімен Махоуниді жеңімпаз деп таныды. Үшінші төреші 114:114 деген есеп көрсетті.
Осылайша, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталып, Никита Цзюдің 12 кездесуден тұратын жеңіс сериясы үзілді.
?Nikita Tszyu and Ben Mahoney fight to a 117-111, 114-114 113-115 Split Draw in their IBF Super Welterweight Title Eliminator in Australia
— Tokkerū (@ATokkers5) August 26, 2026
Tszyu said that he thought Mahoney had won the fight in his post fight interview pic.twitter.com/msAdO2aqUQ
Никита Цзю кім?
Никита Цзю - әлемнің абсолют чемпионы Костя Цзюдің ұлы және бұрынғы әлем чемпионы Тим Цзюдің інісі. Ол кәсіпқой бокстағы дебютін 2022 жылы өткізіп, Махоунимен кездескенге дейін өткізген 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.
Бен Махоуни үшін де бұл жекпе-жек өзгеше нәтижемен аяқталды. Аустралиялық боксшы карьерасында алғаш рет жеңіске жете алмады. Соған қарамастан, ол әлі де жеңіліссіз келеді: 16 жеңісі және екі тең нәтижесі бар. Оның тоғыз жеңісі нокаутпен аяқталған.
Жарнама